08.06.2025ж.

Мектеп жанындағы лагерьдегі Эко-күн!

Бүгін біздің лагерьде мазмұнды әрі пайдалы Эко-күн өтті!

Балалар үлкен қызығушылықпен әртүрлі экологиялық іс-шараларға қатысты:

Мектеп ауласын тазалау

Қоқысты сұрыптау туралы бейнепрезентация көру

«Табиғатты аялайық» сурет байқауы.
Бұл күн әрқайсымызға табиғаттың досы болуды сезінуге және қоршаған ортаға қамқор болудың маңыздылығын түсінуге көмектесті!


Белсенділігі мен мейірімді жүрегі үшін барлық қатысушыларға алғыс айтамыз!

