2025 жылдың 12 маусымында мектебіміздің оқушылары ежелгі дәуірге қызықты саяхат жасап, Қазақстанның ең көне қоныстарының бірі – Ботай археологиялық ескерткішінің музейінде болды.
Онда олар ботайлықтардың тұрмыс-тіршілігімен, мәдениетімен танысып, археологтардың бірегей олжаларын көрді.
Экскурсия тек танымдық қана емес, шабыттандырарлық болды.
Біз жеріміздің бай тарихи мұрасымен мақтанамыз және оқушыларымыздың оған көзбен көріп, қолмен ұстауына мүмкіндік бар екеніне қуаныштымыз.